Қазақстандағы АЭС. Францияның ат салысуға дайын екені айтылды

2146
Adyrna.kz Telegram

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтары мәселелері жөніндегі Франция Республикасының делегат – министрі Оливье Бештпен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" порталы,  ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары талқыланды.

Хабарланғандай, француз тарапы Қазақстанда бірінші атом электр стансасын салу жобасын жүзеге асыруда, сондай-ақ шағын модульдік реакторларды дамыту перспективаларын зерделеуде ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ министрлер екі үкіметтің энергетикалық ауысу және жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы міндеттемелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Алмасадам Сәтқалиев пен Оливье Бешт «Мирный» жобасының (Мирный кентінде қуаты 1 ГВт жел электр станциясының құрылысы жобасы) соңғы жайттары туралы баяндап, жоба аясындағы электр энергиясының тарифі бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер