Балалар ата-анасы төлеген ақшаға сай тамақ жеп жүр ме?

2097
Adyrna.kz Telegram

«БАЛАПАН». МҰНДА ДА КОРРУПЦИЯ МА?

Балабақша құрылтайшысы «БАЛАПАН» бағдарламасы арқылы келетін қаржыны өзіне алып, меңгерушіге балалар тамағына ақшаны қайдан тапсаң онан тап дегені, сүттің қаймағын жеп, қаспағын қалдырған тірлік емес пе?

Балалар ата-анасы төлеген ақшаға сай тамақ жеп жүр ме?

Өткенде мектеп асханалары бойынша білім басқармасының тірлігі баршаға мәлім. Бір жеке кәсіпкер бірнеше мектептің асханасын жалға алатыны, ол оны субаренда, әрі қарай үшіншіге арендаға беретіні белгілі болды.

Балабақшаларда да осы СХЕМА сияқты.

Ақша игерілді, отчет берілді. БОЛДЫ МА?

Білім басқармасы тарапынан балабақша тамағын, олардың көрпе-төсегін тексере ме? Миллиондаған ақшаның сұрауы кімге? Түптеп келгенде бәрі балалар үшін. Неге мұндай проблемаға бейжай қарайды?

Әрбір бала басына «БАЛАПАН» бағдарламасы бойынша 21 мың теңге шамасында төленеді. Тағы әке-шешесі төлейді.

Әрбір балаға бөлінген ақшаға тиісті тағамдары алынсын. Балалардың тамағына бөлінген ақшаны жеуді қою керек.

Дастан Асқарұлы

Пікірлер