Талибанға қарсы. Ауғанстанда әйелдер митингке шықты

1910
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ауғанстанда бір топ әйел тәліптердің билігін мойындамауды талап етіп, наразылық акциясына шықты. Бұл туралы Euronews арнасына жариялады, деп хабарлайды *Адырна” тілшісі.

Кабулда (ел астанасы) наразылық шерулері өтті. Демонстрация БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша шақырылған халықаралық жиыны қарсаңында өтіп жатқаны атап өтілді. Қатысушылар 2021 жылы билікке келген Талибанға қарсылық танытты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, ауғандық әйелдердің оннан тоғызы зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Күйеуі нашақор болған немесе елден кеткен жағдайда ғана ажырасуға рұқсат етіледі.

 

Пікірлер