Көктөбе асқан Күдебаевтың кері қайтарылғаны расталды

3115
Adyrna.kz Telegram
Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

Қашқан генерал Серік Күдебаев ұсталды. Бұл ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Берік Асыловтың мәліметінше, Серік Күдебаев Қазақстанға Түркиядан әкелінді.

Еске сала кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталды. Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

10 наурызда Серік Күдебаев ауруханаға түскені, сот отырысы кейінге шегерілгені хабарланды. Кейіннен айыпталушы кезекті сот отырысына келмегендіктен, судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды. 2 сәуір күні Серік Күдебаевтың шетелге қашып кеткені белгілі болады.

Жақында Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Бұған дейін Бас прокуратура Күдебаевтың Стамбұлға қалай ұшып кеткенін айтып берген болатын.

Пікірлер