Home » Басты тақырып » Жаңаөзенде жұмыс сұрағандар қамауға алынды

Жаңаөзенде жұмыс сұрағандар қамауға алынды

23-25 ақпан аралығында Жаңаөзенде “қоғамдық тәртіпті бұзды” деп айыпталған 16 адам жауапқа тартылып, 5-7 күнге қамауға алынған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасына сілтеме жасаған Азаттық радиосы хабарлайды.

Прокуратураның мәлімдеуінше, қамалғандарға “қоғамдық орындарды ластады, былапыт сөйледі” деген айып тағылған.

Прокуратура Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанында “әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық алауыздықты қоздыруға бағытталған сөздер айтқан” тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.

Оған Қылмыстық кодекстің “Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық алауыздық қоздыру” бабы бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы тәртіп бұзғандар тиісті заңнамамен жауапқа тартылатынын ескертті.

Соңғы аптада Жаңаөзен қаласында ондаған адам наразылық білдіріп, биліктен жалақысы жақсы жұмыс тауып беруді талап еткен. Олармен кездесуге Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов келген.  27 ақпанда Жаңаөзенге хабар таратуға барған Азаттық тілшілері Сәния Тойкен мен Санат Нұрбековті полиция ұстаған.

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ

Қазақстанда сәләфилік идеологиялық ағымдардың сопылардан басымдығының кейбір ерекшелігіне тоқтала кетейік. Араб тіліндегі «сәләф» сөзі «алдыңғы ...