Сексеннің сеңгірінде. Байден ойынан айнып, сайлауға қатысатынын растады

2731
Adyrna.kz Telegram
АҚШ басшысы Джо Байден 2024 жылғы президент сайлауына ресми түрде қатысатынын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
АҚШ-тың 81 жасқа қадам басқан 46-президенті өзінің бұл қадамын "демократияға қол жеткізудің" ұлы шешімі есебінде тәпсірлеп, түсіндіріп берді.
"Әр буынның демократияға ұмсынатын, ұмтылатын сәттері болады. Өзінің бас еркіндігі мен тұтас еркіндігіне сұрау салатын сәттері болады. Мен оның біздің дәуірде жүзеге асатынына сенем. Міне, сондықтан президент сайлауына бел шешіп, білек сыбана қатысқалы отырмын. Қолдаңыздар! Қосылыңыздар! Бұл мәселені бір жақты қылайық", - деп жазды Байден.
2019 жылы, яғни Джо Байден бірінші мерзімге президенттікке түсер қарсаңында оның екінші мерзімге сайлауға түспеу ықтималдығы жайында айтылатын. Мұндайда Байденнің жасы ұлғайып қалғаны тілге тиек болған.
"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер