Астанада "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтуде

282

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтығң төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтуде. Съезд "Нұр Отан" партиясының 20 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Президент съезде көпбалалы отбасылар үшін әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды. Айтуынша, елімізде 340 мыңнан астам отбасында кемінде төрт бала бар. Жыл сайын баласы бар отбасыларды қолдауға 500 миллиард теңге бөлінеді.

Сондай-ақ, шілде айынан бастап бюджет саласының (атқарушы орган) жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 30 проценке көбейтуді тапсырды.

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының жалақысы төмен қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Сонымен қатар, облыстық, аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың лауазымы төмен қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25 процентке өсіруді тапсырамын", - деді Назарбаев Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының сьезінде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер