Канада. Саясаттағы ер-азаматтар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударту үшін биік өкшелі аяқ киім киді

2435
Adyrna.kz Telegram

Канаданың транспорт министрі Омар Алгабра 20 сәуірде ерекше тәсілмен канадалық заң шығарушы органға үн қатты. Ол заң шығарушылардың әйел тағдырына келгенде "былқ етпей" отырғанын айыптап, аяғына алқызыл түсті биік өкшелі аяқ киім киді. "Назарыңызды осындай әрекеттермен аудармасақ, қыңқ етпейтін түріңіз бар. Әйелдерге қарсы  зорлық-зомбылық белең алып бара жатыр, тек физикалық сипатта емес, барлық түрін айтам", -  деді саясаткер. Бұл хақында "Адырна" ұлттық порталы елді құлақтандырады.

20 cәуірде Канаданың транспорт министрі Омар Альгабра кейбір канадалық заң шығарушылардың қоғамда өршіп бара жатқан әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескеруі үшін ерекше қадамға барды. Ол қандай да бір адам тарапынан жасалатын қысымның алдын алу мақсатында "биік өкшелі үміт" науқанын бастап, алқызыл биік өкшелі аяқ киім киген кадрларымен бөлісті.

https://twitter.com/OmarAlghabra/status/1649112084330807298

Биік өкшелі аяқ киім киіп, ой биігінен көрінуді мұрат еткен саясаткер өз әрекеті турасында:

- Қоғамымызда әйелге жасалып жатқан қысымның азаятын түрі жоқ. "Биік өкшелі үміт" -  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түгесіліп, ерлер мен ер балалардың дұрыс іс-әрекетке баратынына ниет еткен байланысты үміт. Осы маңызды науқанды қолдау үшін биік өкшелі аяқ киім кидік. Өкінішке қарай, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық белең алып бара жатыр, тек физикалық сипатта емес, оның қоғамда барлық түрі кездеседі. Мен өзімнен бастадым.  Әйелдер өмірінің қауіпсіз және баянды болуы үшін ер-азаматтардың әрекеті түзу болуы керек. Ол үшін қолдан келгеннің барлығын істеуге тиіспіз, - деді саясаткер.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер