Ресейлік "Газпром" Қазақстан министрінің сөзін жоққа шығарды

3492
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік "Газпром" корпорациясы Қазақстан Республикасының энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзін жоққа шығарды. Министр Ресей газының Қазақстан үшін "айрықша" бағасы жайлы айтқан еді, деп хабарлайды, "Адырна" ұлттық порталы "КазТАГ"-қа сілтеме көрсете отырып. 

"Қазақстан үшін Ресей газының құнына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатқан ақпарат шындыққа еш жанаспайды. Оны айтып жүрген Алмасадам Сәтқалиев пен Қазақстан энергетика министрлігінің деректері шындыққа "үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын" айтқанымыз жөн, - делінген.

Орайы келгенде айта кетейік, бұған дейін министр Сатқалиевтің "Газпром" Қазақстанға Беларуське қарағанда әлдеқайда төмен бағамен газ ұсынады" деген сөздері БАҚ-та тарап, дүйім жұртты дүр сілкінткен болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер