Жаңаөзен Сізге "Қалаулым" емес, Абаев мырза!

3763
Adyrna.kz Telegram

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Абаев мырза!

Әлеуметтік желіде "Жаңаөзен " қаласы жайлы түрлі ақпараттар таралуда.
Бұрын ақпаратқа ғана жауапты едіңіз, енді қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға да сіз жауаптысыз!
Елдің тұтастығы, бейбітшілігі бәрімізге керек!
Халықтың амандығы үшін, мықты журналистер мен қоғам белсенділерінен құралған топты алып Жаңаөзенге барыңыз.
Сол жақтан мына елге дұрыс ақпарат беріңіз.
Әйтпесе неше түрлі арандатушы топтар, мына әлеуметтік наразылықты өз пайдаларына иеленіп кетпесіне кім кепіл?
Абаев мырза қоғаммен ойнауға болмайды, бұл сізге телеарналар емес үш сағат "Қалаулымды " қойып қойып жынды қылатын. Бұл сізге "Кел келінім" емес жатқызып қойып, шашын жұлып төбелестіретін. Бұл кәдімгідей шынайы өмір! Қоғамды құр уәдемен емес, нақты сөзбен, іспен көрсету арқылы ғана басуға болады.
Әскер төгіп, қорқытып үркітіп халықты ашуландырып керегі жоқ!
Бізге нақты ақпарат беруді талап етемін!
Жаңаөзенде не болып жатыр?

Айгүл Орынбек

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер