Әзімбай Ғали: Папинді даттамай, Маминді - төрге шығару рәсімі

1798
Adyrna.kz Telegram

Мамин Премьер - министр қызметінде алдымен Жаңа Өзен дүрбелең забастовкасын бейбіт жолмен ымыраластыру жолын іздейді. Маңғыстауда Өндірістің әртараптанунуы төмен - барлық өндіріс шикізатқа негізделген; мұнай - газ бен ураннан басқа минералдық шикізаттан олар шыға алған жоқ.

Екінші жағдай, халық саны тым тез өсіп келе жатыр - табиғы өсімге иммигрант қазақтар қосылып Қарақалпақстаннан және Түркменстан қазақтар келіп жатыр. Қалалар аз уақытта поселкеден шағын қалаға, одан кейін орта қала айналып инфрақұрылым -тапшылығын тудырады. Маңғыстауда ауыл шаруашылық егіншілік жоқ. Бұл диверсификациялық мәселелерді ушықтырады. Маңғыстаулықтардың біразын Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстанға көшуге үгіттемесе болмайды. Бұл өлкелер соңғы он -он бес жылда босап қалды. Ал Әлеуметтік инфрақұрылым артта қалып келеді.

Мамин, екіншіден, жекешеліндіру мәселесімен кез келеді. Инвестордың біразы "Самұрық Қазына" тендер арқылы меншік иеленсе де қосымша инвестицияны оперативті түрде әкеле алмайды. Инвестиция уақыт керек етеді. Маңғыстау өлкесінде еңбек қолы тым артық, бірақ қазақ- өзбек емес, қазақ басын изеп, Ресейден жұмыс іздегенді құп көрмейді.

Сонымен Мамин Маңғыстаудағы жағдаймен таныс , оған уақыт керек. Мұнай иелерінің мөлшері  – 40%

Қытай да өзіміздің инвесторлар да жұмысшылардың талабын орындауға, көлемді қаржы - шығын жасауға оңайлықпен көнбейді. Біздің мемлекеттің Премьері техникалық функциялар мәселесінің шешілуі Президенттің араласуын талап етеді. Сонымен оперативтік тапсырмадан басқа - стратегиялық мақсатты шешу керек . Ол ауыл шаруашылығына қатысты. Ол Қазақстандағы ірі жер меншігін шектеу және жер иелігін фермерлік шаруаларға беріп, жерді нарықтық айналымға салып, залог-кредит жүйесін дамыту.

Қазақ 70%, енді ірі жер латифундистердің меншігін шектеп, қазақтың жерін қазақтан қызғанбай - жеке меншікке негізделген фермерлік шаруашылықты дамытатын кез келді. Бұл жұмыс күрделі аз дегенде бес жыл уақыт керек етеді.
Сағынтаев қазақша сөйлетін , Маминде солай болар!?

Әзімбай Ғали,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер