Қазақстанның екі кәсіпқой боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді

6937
Adyrna.kz Telegram
Фото: prosport.kz
Фото: prosport.kz

АҚШ-тың Калифорния штатында өткен бокс кешінде Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағамбет қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әбілхан Аманқұл мексикалық Даниэль Эчеверриаға  қарсы шықты. 

Екінші орта салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Бірақ екінші раунда аяқталды. Аманқұл қарсыласын нокаутпен тізе бүктіріп, кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Ал Бек Нұрмағамбет венесуэлдық Эбера Рондонаны бірінші раундта жеңді.

Пікірлер