Жигули Дайрабаев балаларының соңына дейін күресетінін мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Балаларымды кінәлі деп есептемеймін, олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше, мен Мәжілістен не үшін кетуім керек? Ауыл тұрғындары, шаруалар, өзімді сайлаған «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім керек», - деді Дайрабаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Тараз қаласының соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарған екі күдіктінің Жигули Дайрабаевтың ұлдары екені белгілі болды.