Қазақстан үкіметі елге бидай әкелуге 6 айға тыйым салды

2739
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі "Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы" бұйрыққа қол қойды. 2023 жылдың 10 сәуіріндегі бұйрық бойынша ел аумағына көлікпен бидай әкелу шектелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  
Құжатта:
"Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған.
Атаулы бұйрық 10 сәуірден бастап күшіне енді. Ал, 10 cәуір күні пиаз экспортына қатысты тыйым алынып тасталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер