Дина Тәңсәрі Қарақат Әбденді Парламенттен қууды талап ететін петиция жарияламақ

4714
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Мәжілістің су жаңа депутаты Қарақат Әбденді мандатынан айыруға ниетті. Ол Қарақат Әбденнің елімізде шетелдіктермен некеге тұрушыларға салық салу туралы ұсынысына қарсы, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қоғам белсендісі депутатты орнынан алуға петиция жарияламақ.

“Қызы грузинге тұрмысқа шыққан ана ретінде бұл ұсынысты айтқандарды сотқа беру керек деп есептеймін! Бұл этникалық кемсітушілік! Мына құрметсіз ханым, адам құқығы туралы бірдеңе біле ме екен? Мен Петиция құрып, ел Конституциясын бұзғаны үшін оны Қазақстан Парламентінен қууды талап етемін”,- деп жазды ол  Facebook парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Қарақат Әбден шетелдіктермен некеге тұруға салық салу мәселесін Мәжілісте көтергісі келетінін айтты.

"Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын.Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын" – деді ол.

Айта кетейік, Қарақат Әбден биыл Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысқан елі

Пікірлер