АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Манхэттен округі прокурорының кеңсесінде қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN агенттігіне сілтеме жасап.
Оған 34 бөлім бойынша айып тағылған болатын.
Яғни, порножұлдыз Сторми Дэниэлске (шын аты - Стефани Клиффордс) пара беруімен байланысты.
2016 жылғы сайлауға дейін Дональд Трамп адвокат арқылы Сторми Дэниэлске он жыл бұрын онымен байланысқаны туралы үндемеу үшін 130 мың доллар төлеген.
Бұл төлем заңсыз болған жоқ, бірақ саясаткердің адвокаты оны заңгерлік қызмет ақысы ретінде рәсімдеген және бұл Нью-Йорк штатында есептілікті бұрмалау болып саналады және қылмыстық жазаға тартылады.
Бірақ Дональд Трамп өзінің кінәсін мойындамады.
Осылайша, ол сот ресми түрде қылмыстық іс қозғаған АҚШ тарихындағы алғашқы экс-президент атанды.