Қазақты...қазақ бағала!

2356
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/02/az.jpg
Бірін-бірі тілдеп жатқан қандастарымызды көргенде, жан ауырады... Бұл-құлдық танымның бір көрінісі... Римде құлдар бір ғана рет көтеріліс жасаған... Флор ұқпайды,  Аппиан түсінеді.  Гладиаторлар өзара достаспауға тырысқан... Бүгінгі дос-ертеңгі қарсылас.  Сонда-сезім,қанжарға бөгет! Спартак бастап шыққан құлдар Римнен кетуге бас тартқан.    Джованьидікі гипербола! Алтынорда хандары қоластындағыларды бір-біріне қоспаған.  Тәуекел қырғыз,  қарақалпақ,  қалмақтарды әр қанатта бөлек басқарған... Ганди мен Машрики бастаған буддашылар мен мұсылмандар бірге достықта күн кешеміз дегенде...ағылшындар қарсы шыққан! 1857 жылғы сипайлар көтерілісін-ағылшындар өздері жасаған. Германиядан қалған Руандада Тәуелсіздік алған соң 1994 жылы 6 аптада хуту тайпасы,  тутсу тайпасының 500000 адамын мачета-пангамен қырып тастаған... Мәңгілік көршілер-жендеттерінен балаларын қинамай,  оқпен өлтіру үшін... соңғы ақшаларын берген! Мен бұл жерде бельгиялықтардың қатысы бар екеніне,  анық сенемін! Осы қырғыннан миллион адам жан берді! Руды айту-өте қауіпті! Біз балаң тәуелсіз елміз! Біздің бөлек болғанымыз,ара айтысымыз-жатқа пайдалы!Билікке де.. ҚАЗАҚҚА ЕМЕС! Тәуелсіздікті сүю-ҚАСЫҢДАҒЫ ҚАЗАҚТЫ СҮЮДЕН БАСТАЛАДЫ...

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии