Бибігүлдің "Альфонс жігіті"

3051
Adyrna.kz Telegram

Алматыда белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызының «Альфонс жігіттің тағдыры» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бибігүл туралы бірер сөз

Бибігүл Дәулетбекқызы журналистиканың телевизия саласында біршама жетістіктерге қол жеткізген тележүргізуші. Қарымды журналист кейінгі кездері блогер болып, көптеген қоғамдық істерге араласып, олардың оңды шешілуіне атсалысып келеді. Кейінгі он жылда продюсерлік қызмет атқарып келеді

Альфонс деген кім?

Асқан айлакерлікпен қыз балалардың (жасына қарамастан) осал тұсын тауып, соның есебінен өмір сүретін адам. Мұндай жағдайға түсуіне тұрмысының нашар болуы, қатыгездік, дағдылық сияқты бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін.  Тіпті, өздері байқамайтын психикалық ауытқудағы адам болуы да мүмкін.

Кітап несімен құнды?

Қазақ қоғамындағы дендеп бара жатқан кейбір масылдық пиғылдағы адамдарды, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін суреттейді. Алаяқ жігіттерге алданған қыздардың тағдыры көпшілікке сабақ болары сөзсіз.

Жасұлан Наурызәлі

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер