Министрлік жанармай өнімдерінің шекті бағасын белгіледі

1952
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден
Энергетика министрлігі автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті баға белгіледі. Бұл туралы бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құжат жобасына сәйкес, автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағалар былай белгіленген:
1) Аи маркалы бензин-80 – тоннасына 93 161 теңге;
2) Аи-92 және Аи маркалы бензин-93 – тоннасына 193 649 теңге;
3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.
Пікірлер