"Ресей енді Қытайдың өндірістік отарына айналады" - cаясаткер Михаил Ходорковский

2107
Adyrna.kz Telegram

Саясаткер, публицист, ресейлік ірі кәсіпкер Михаил Ходорковский Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуіне қатысты саяси баға берді. Оның айтуынша, кезінде орыстың Алтын Ордаға отар болғаны секілді, енді Ресей Қытайдың өндірістік отарына айналады. Алдағы уақытта Қытай қуана-қуана Ресейдің табиғи байлығын жұтып, оны "сауын сиырға" айналдырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Саясаткер, Ресей билігіне жаны қас кәсіпкер Михаил Ходорковский Ресейдің алдағы уақытта Қытайдың табанын сүйіп, табиғи байлығын ханзуға жөнелтуші отарға айналатынына бек сенімді. Бұған қатысты саясаткер төмендегідей пікір білдіреді:

- Егер Ресей өзінің бар байлығын жиып-теріп, уылжып піскен шағында біреудің аяғына жығыла кетсе, ақымақ қана мұндай мүмкіндікті уысынан шығарып алатыны сөзсіз ғой. Ана қытайың келді [Си Цзиньпин], алақанын төсеп, айласын асырды. Мықты саясат. Шынтуайтында, ол да өз елінің мүддесін бірінші орынға қойып, өз ұлтының жолында жұмыс атқарып отыр. Оның Ресейдің болашағын "ұрғаны бар".

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер