ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

2391
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/6274cc753ddec446342211.jpg
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының  кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алдын-ала қорытынды бойынша партиялар төмендегідей дауыс жинады: 1. Amanat партиясы – 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді; 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді; 3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді; 4. Қазақстан халық партиясы – 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді; 5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді; 6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді; 7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді; «Бәріне қарсымын» - бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді Айта кетейік, дауыс беруге құқылы 12 млн 35 мың 578 адамның 6 млн 366 мың 441-і дауыс беріп, өз таңдауын жасады. 
Комментарии