Путиннің жолдауын құлағына кеспе іліп тыңдаған депутат айыппұл арқалады

2008
Adyrna.kz Telegram

Путиннің жолдауын құлағына кеспе іліп тыңдаған Самара депутаты Михаил Абдалкинге сот 150 мың рубль айыппұл салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Самара облысының Новокуйбышевск қалалық соты Михаил Абдалкинді Ресей қарулы күштерінің беделін түсіргені үшін кінәлі деп таныды.

Қорғаушы тарап сот шешіміне шағымданатындарын мәлімдеді. Депутаттың ісі бойынша алғашқы сот отырысы 7 наурызда өткен. Онда Абдалкин кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпанда Абдалкин «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Кремль басшысы Путиннің жолдауын құлағына кеспе іліп тыңдап отырған видео жариялап, елдегі ішкі саясатқа осылайша өз наразылығын білдірген еді.

"Адырна" ұлттық порталы  

 

Пікірлер