Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Путинді тұтқындауға ордер берді

2569
Adyrna.kz Telegram

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресей президенті Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды Ресейге заңсыз депортациялағаны үшін айыпталып отыр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова да осыған ұқсас қылмыстар жасады деген күдікке ілінді.

Путин мен Львова-Белованы тұтқындау ордеры 2023 жылдың 22 ақпанында прокуратура берген арыздар негізінде шығарылды.

Елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Халықаралық қылмыстық сот шешімдерінің Ресей үшін құқықтық салмағы жоқ.

«Ресей Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутының мүшесі емес. Сол себепті ешқандай міндеттемелер алмайды. Мемлекет бұл органмен әріптес емес»,—деді ол.

Пікірлер