Елена Рыбакина АҚШ-тағы «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты

5605
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/068b8f24-0d0b-41ec-8503-3cddb82aa8c9.jpeg
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ширек финалда отандасымыз чехиялық Каролина Муховамен жүздесіп, 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Спортшы 18 наурызда болатын жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездеседі. Айта кетейік, әлемдік жарыстың жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларын құрайды.
Комментарии