Атырауда 6 жасар бала суға батып кетті

1959
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/83f132d0-1641-4a6c-8645-58c46befab0e.jpeg
Атырау облысында 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға Бірлік ауылында кешкі уақытта болған.
«Ағайынды екі бала су каналының жанында ойнап жүрген. Бір кезде 6 жасар бала суға құлап кеткен. 9 жасар ағасы оны құтқаруға тырысқан. Алайда бұл мүмкін болмады. Қазіргі таңда екінші бала ауруханда жатыр. Жағдайы бірқалыпты»,—деді басқарма.
Комментарии