Билік ауысады, біз дайынбыз ба?

3859
Adyrna.kz Telegram

Бәрі өткінші! Қабырғалы қазақ ежелден біледі бұны. Гректер аққан суға қайта түспесін ұғынғаннан бұрын. Протүріктер өткен уақыт-батқан күнге қарап жоқтау айтқан...

Бұл билік ауысады! Ол ақиқат!  Ешкім мәңгілік емес!   Ататүріктің қасында жүрген "Фокстар" да ұмытылады. Тек біз осыған дайынбыз ба? Ұзақ билік-ұлттық дағдарысқа алып келді!

Ең бірінші,  қазақи және орыс тілді әлемнің майданы бой көрсетуде. Бұл ертең ДНР-дай қыңыр ойындарға ұласуы әбден мүмкін.

Екінші,  мемлекеттік тіл екінші дәрежелі, қаусаған арбаның бесінші дөңгелігіне айналды. Бұған билік шәрі Астанада көз жеткізуге болады. Осы созылмалы ауруымыз-көр басы болуы мүмкін.

Үшінші,  мемлекеттік жабайы бөлістен тыс қалған қазақ ұлты бүгін есе сұрауда.  Бұл бар төңкерістің,  азамат соғысының басы!

Төртінші,  әлеуметтік шиеленісті мәселелер ширығып барып шиқанды-сойқанды күнге жеткізді. Көп бала мен көк қара теке тіресі мәреге шықты.

Бесінші,  қазақ-осы елдің ЗАҢДЫ ҚОЖАСЫ ЕКЕНІНЕ СЕНІП КЕЛЕДІ!

Бұл құздардың құлауына жол ашады. Батысымыз Шығыс болуда.

Алтыншы,   біздегі әсіре діншіл,  басқарылу пульті сырттағы "момын" мүміндер сөз тосуда!

Жетінші, біз шикізат сатушы кембағал елге айналып, нарықтан тыс қалдық.

Бұл өз кезегінде зат өндіру қабылетімізден айырып, "инеге отырып қалуға" жеткізді.

Сегізінші, ұзақ уақыт айырбассыз қалған қоғам,  ызалылар келісімсіз наразыларға толы,  бірігуі аз,  мұраты арық әлеуметті тудырды.

Тоғызыншы,  мемлекет КЕШЕНДІ ИДЕОЛОГИЯ жасай алмады.

Бір адамға табынған мемлекет-сол адам өлгенде рухани дағдарысқа ұшырайды.   Қарапайым халық арбадан ары,  көштен кейін қалды. Өзіне қол салу,  ішкілік т.б.  дерттер жас буынның билік дәлізінде өспеуінен, марапатсыздығынан шығады!

Оныншы,  КҮШПЕН БИЛІККЕ КЕЛГЕНДЕР-АҚЫЛМЕН БАСҚАРА АЛА МА?

Кеткен билік соңынан өркендеген елдің қалғанын қаламайды! Осы қауіптер бел алса,  бүгінгі күннің Шойынқұлақтары Ресей, не Қытай араласуымен қайта келуі мүмкін! Онда-қанжығада жолығамыз!

Бұл билік кетеді! Ал біз-дайынбыз ба?

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер