Түркияға көмекке барған құтқарушылар мен дәрігерлер марапатталды

2699
Adyrna.kz Telegram

Елі ерлерін ұлықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығымен Түркияда топырағында болған жер сілкінісі салдарын жоюға аттанып, іздестіру-құтқару жұмыстарына бел шешіп, білек сыбара араласқан Қазақ елінің азаматтары, құтқарушылар тобы, марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазақ елінің құтқарушылары мемлеректтік марапаттарға лайық танылды. Оларға салтанатты жиын қарсаңында алғыс хаттар мен айрықша ордендер табысталды.

Құтқарушылар, медицина қызметкерлері, кинологтар мен авиация мамандары, жалпы саны 112 адамға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланған. Оның ішінде Ақмола облысытық  ТЖД құтқару бөлімінің басшысы Айдын Жоламановқа ІI дәрежелі «Айбын» ордені табысталды.

- Бізге 7 қабатты үйде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ол үйдің түгі қалмай қираған. Тірі қалған жанның жоқ екенін білдік. Үйінді астында шамамен 20-дан астам адамның денесі бар деп болжанды. Біз 25 мәйітті алып шықтық, - деді азамат. 

Дәрігер Алмагүл Алдабекованың айтуынша, дәрігерлер тобы да апаттық жағдайда қызмет етуге саналы түрде қадам басса да, пәлекетті өз көзімен көру оңайға соқпағанын.

- Бар шамамызбен көмекті жасадық. Медициналық көмек, психикалық, моральдық көмек жасадық. Түркияның адамдары бізге риза болып, рахметін айтты. Өзім ойлаймын, жақсы жұмыс жасадық деп, - деді маман. 

Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, қызметкерлердің жалақысын арттыру жайы да қарастырылған.  Юрий Ильин:

- Үкіметтің қаулысына сәйкес, бізде жалақы өсіп жатыр. Басшылық құрамның еңбекақысы төменгі мөлшермен өсетін болса, жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70%-ға дейін ұлғаяды. Қызметкер алғашқы кезеңде шамамен 110 мың теңге алады. Енді олар 179-180 мың теңге көлемінде алады деп үміттенеміз.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үш провинция аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, Нурдагы ауданында, Газиантеп және Хатай қалаларында азаматтарды үйінділерден шығаруға атсалысты. Сонымен бірге Қахраманмараш провинциясына үздіксіз гуманитарлық көмек жеткізіп отырды.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер