Неміс компаниясы Украинада танк зауытын ашуды ұсынды

2866
Adyrna.kz Telegram

Немістің Rheinmetall концерні Украинада танк зауытын салу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы компания басшысы Армин Паппергер Rheinische Post газетіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кәсіпкердің мәлімдеуінше, зауыт құрылысына шамамен 200 миллион еуро қажет және оны әуе шабуылына қарсы жүйелермен қорғауға болады. Сұқбат барысында ол зауыттың бір жылда KF51 типтес 400-ге жуық танк шығара алатынын атап өтті.

«Соғыста жеңіске жету үшін Украинаға 600-ден 800-ге дейін танк қажет»,—деді басшы.

Сондай-ақ Паппергер бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім екі ай ішінде шығатынына сенім белдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер