Месси мен Мбаппе жаңа рекорд орнатты

2229
Adyrna.kz Telegram
Фото: championat.com
Фото: championat.com

ПСЖ-ның жұлдыздары Лионель Месси мен Килиан Мбаппе кәсіби мансаптарында тағы бір рекорд орнатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл рекордтық цифрды әйгілі қос футболшы Франция чемпионатының 26-туры аясында "Нантқа" қарсы ойында қол жеткізді. 35 жастағы аргентиналық матчтың 12-минутында есеп ашты. Осылайша, Месси өзінің активіне мансабындағы 1000-шы тиімді әрекетін тіркеді. Ол "Барселона" мен "Пари Сен-Жермен" сапында 841 рет ойынға қатысып, 701 гол соғып, 299 рет пас берген.

Өз кезегінде Килиан Мбаппе "Нант" қақпасына допты дөп соғып, "париждіктер" тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Осы уақытқа дейін француздық өзінің астаналық клубы құрамында жүріп, 201 гол соғып, Эдинсон Каваниді басып озды (200).

Сондай-ақ, Килиан осы маусымдағы "ПСЖ-ның" 30 матчында 30 гол соқты. Сондай-ақ, ол 18 голымен Франция чемпионатының үздік бомбардирі деп танылған.

"Нантқа" қарсы ойында алаң иелері жеңіске жетті - 4: 2. Париждің суперклубының келесі матчы Чемпиондар лигасы аясында 8 наурызда "Баварияға" қарсы өтеді.

Пікірлер