Home » Айдарлар » Көкейкесті » Дара дарындарды биік қойған шет ел

Дара дарындарды биік қойған шет ел

 Мемлекетіміз жыл сайын еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау үшін арнайы гранттар бөлетіні белгілі. Тестілеуден тәуір ұпай алған талапкерлер өздеріне ұнаған мамандықты таңдап, біршама мүмкіндіктерге ие болады.  Бірақ еліміздің жоғары оқу орындарында білім нәрімен сусындауды  приоритет қып  қойып, махаббатпен таңдайтын дарынды балалардың қатары жылдан-жылға сиреуде. АҚШ,  Оңтүстік Корея, Германия, Франция, Испания, Швеция, Израиль, Чехия тағысын тағы бар. Дәл осы елдерде жас данышпандарымыз маман атанып, болашаққа билет алады.

Ерекше қабілет, нұрлы ақыл, толассыз еңбек, ұшқыр шабыт, тума талант – бұл қасиеттерді байқаған ата-аналар балаларын «VIP» статусындағы мектептерге беруге асығады. Назарбаев Интеллектуалдық мектебі, Қазақ Түрік лицейі, Республикалық физика-математика мектебі, Республикалық «Дарын» мектебі, тізбектей берсек көп. Бұл ордаларда жеткіншектер ой өрістерін кеңейтіп, дамуға толықтай бет бұрады. Әлем елдері ұйымдастырған байқауларға барып, жеңіс туын желбіретіп, қанжығаны байлап келетіндері тағы бар. Ел көреді, жер көреді, қызығушылық оянады. Алдына мақсат қойып, оған жетеді де. Бүгінде 11 сыныпта оқитын КТЛ-дік Алишер,  Англияда орналасқан «Эксетер» университетіне жолдама алды. НИШ-тік Әнуар «Стэнфордтың»    2-ші курс студенті. Дарындық Алихан «Кэмбриджге» тоқтам қойды, енді міне, ол 3-ші курста.  Бір қызығы, ешқайсысы Қазақстанға оралуды жоспарламайды. Қанатын қатайтып, ұядан ұшырып жібердік, барса келмеске кете барды. Саңлақтардың орнын толтыру үшін, Америкалық мистерлер мен Қытайлық аждаһаларды алдыруға тура келеді, мәселе қайда жатыр?

Құрғақ айтқанда, IQ деңгейі жоғары милы жастардың шетке кетуі үйреншікті жағдайға айналды. Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметіне қарасақ, 2011 жылы 5428 оқушы мектеп бітірген, соның 472-сі Ресейдің университеттеріне түскен, ал 2012 жылы 656 түлек өзге елдерге аттанған. 2013 жылы ҰБТ-ға қатыспаушылардың қөптігіне қарап, көрші мемлекетке кеткендер аз болмағанын болжауға болады. Оза шапқан үздіктерге, түріктер де ауыз салды.

Патриоттық сезімдері оянып, ту тігемін деп келгендер, жалақының сомасына қанағаттанбағандықтан ба, келген жолмен қайтады .

Туған жердің топырағын сүйіп, көркейтемін деген ұшқыр үміт құмға айналып бірте-бірте сейіледі. Қаншама ақша жұмсап оқытқан маманды қай мемлекет кері жібере қояр дейсіз. Оқуды тәмамдағаннан кейін, белгілі бір уақыт аралығына сол елде қызмет ету шарты жасалады. Шарт мерзімі біткенге дейін отбасын құрып,  ортаға бейімделу процесі жүзеге асады. Шартарапқа тараған , қайда кеттінің ауылы.

Оларды қайтару қиын. Ай өтер, жыл өтер… Ахметтер мен Абайларды, Мұстафаларды жоғалтқанымызды сезбей де қалармыз. Жастардың мұраты – білім, ал тәлім – талабы. Өнер, оқу – жастықтың қару-жарағы…

 

                                                                                                Саяна СЕЙТҚОЖА,

«Тұран» университері 

Журналистика факультетінің студенті

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Маман тамыз айына болжам жасады: Қазақстандықтарды көп ақша күтіп тұр

Ирина Әбдірайымова тамыз айында жағымды жаңалықтардың көп болатынын айтып қуантты     Нумеролог Ирина Әбдірайымова тамыз ...