"Қазақстанмен қарым-қатынасымызды бағалаймыз": Кремль Блинкеннің Тоқаевпен кездесуін қалай қабылдады?

3160
Adyrna.kz Telegram

РФ президентінің баспасөз хатшысы Песков АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы пікір білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Біз Қазақстанмен қарым-қатынасымызды бағалаймыз. Бізде өзара іс-қимылдың өзіндік форматы бар. Бізді екіжақты байланыстар да, бірлескен интеграциялық жобалары да біріктіреді. Әрі қарай да ыңтымақтастығымыздың дамуындағы оң динамиканы сақтайтын боламыз" - деп мәлімдеді Песков.

Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға арнайы сапармен келіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездескен еді. 

"Адырна" ұлтттық порталы 

Пікірлер