АҚШ ҚЫТАЙДЫҢ ӘЙГІЛІ "Fujian Jinhua Integrated Circuit Co" КОМПАНИЯСЫН САНКЦИЯНЫҢ ҚАРА ТІЗІМІНЕ КІРГІЗДІ

2221
Adyrna.kz Telegram

Жарайсың, АҚШ!

2018 жылдың қазан айында АҚШ тың сауда министрлігі Қытайдың әйгілі Fujian Jinhua Integrated Circuit Co компаниясын АҚШ тың қауіпсіздігіне нұқсан келтірді деген себеппен санкцияның қара тізіміне алған болатын деп Reuters арнайы хабарлама таратып еді.

Бұған Қытай тарабы АҚШ тың өндірістік қондырғыларын, мұнай мен шикізат өнімдерін сатып алуға тыйым салып, қарымта жауап берді. Соның есесіне Қытайдың Fujian Jinhua Integrated Circuit Co компаниясынан басқа да бірнеше компанияларына қосымша тағы да санкциялар жарияланып отыр. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Қытайдың Тайвандағы бірнеше компаниялары да қара тізімге ілікті. Мұны АҚШ тың әділет министрлігі ресми түрде мәлімдеп отыр. Қытайдың санкция салынған көптеген компанияларының жұмысшылары жұмыссыз қалып, өзге технологиялық компанияларды паналауға мәжбүр болып жатыр. Осыған дейін Қытайдың Fujian Jinhua және UMC компанияларының қызметкерлері Micron компаниясын коммерсиялық құпиялар бойынша айыптаған болатын.

Бірақ бұл былықтың арты ашылып, Қытайдың АҚШ компаниялары тарапынан жасалған көптеген өнертабыстарын жымысқы жолмен ұрлағаны белгілі болып, Қытай шаш етектен шығынға ұшыраған еді. Соның салдарынан Қытай 360 миллиард АҚШ долларынан қағылды. Бұл өнертабыстық технологиялық қылмыстар АҚШ тың сауда және әділет министрлігі тарапынан тергеліп анықталған. Сол үшін де екі министрлік АҚШ президенті Дональд Трампқа осы істі кейінге қалдырмау үшін көмегін де берген. Мұның салдары Қытайлық компанияның акциясының құлдырап, құнды қағаздары мен облигациялардың жоғалуына апарып соқты. Ақыр соңында Fujian Jinhua Integrated Circuit Co компаниясының әкімшілігі АҚШ тан санкцияны алып тастауды өтініп отыр. Қытайдың ІТ технологиялық өндіріс саласы батыстың ықпалымен ғана бойын көтеріп отыр. Дәл қазіргі уақытта Fujian Jinhua Integrated Circuit Co компаниясының өкілдері АҚШ тан санкцияны алып тастау бойынша өтініштер жазып жіберіп отыр. Нәтижесінде АҚШ тарапы Қытай жерінде ІТ технологиялық құрылғыларды сатуға шектеу қойды.

БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер