Алматы облысында топырақ көшіп, бірнеше үй қирады

3442
Adyrna.kz Telegram
Алматы облысында топырақ көшкіні жүріп, бірнеше үй қирап қалды. Табиғат 27 ақпанда тосын мінез танытты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алматы облысы, Талғар ауданы Бесағаш ауылы, "Бурабай" коттедж қалашығында 2023 жылғы 25-26 ақпан аралығында қар аралас жауын-шашынға байланысты жер батпақтанып, тау баурайынан топырақ көшті. Көшкен топырақ үй ауласына ентелей кіріп, терезе мен ішкі бөлмелерді зақымдады. Топырақ соққысынан жарықшақтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұған қатысты:

"Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің, "Қазселденқорғау" ММ, Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, түскен топырақтың көлемі 360 текше метрді құрайды. Зақымданған үйлердің тұрғындары уақытша көршілерінің үйін паналап жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер