"Жүрегі қазақ деп соғады екен": Желіде Қошановтың домбыра тартқан видеосы тарады (ВИДЕО)

7634
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың домбыра тартқан видеосы жарияланып, көпті тәнті етті. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

Белгілі болғандай, 2018 жылы Қошанов Қарағанды облысы әкімі болып жүрген кезінде жас ақындармен кездесіп, жиналғандарға Төлеген Момбековтың "Салтанат" күйін тартып берген екен.

Арада 5 жыл өткеннен кейін желіде тараған видеоны көрген желі қолданушылары сегіз қырлы бір сырлы саясаткердің өнеріне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін арнауда.

"Бәрекелді! Міне, нағыз қазақ!", "Ұлтты осындай ұлтшылдар алға жетелеуі керек. Қандай шертіс! Толғанып отырған отырысты айтсаңшы", "Елді осындай қазақы иіс шығып тұратын ерлер басқаруы тиіс. Енді тілімізді тұғырына қондырсақ", "Салтанат күйін жалпы қазақтың күйлерін нақышына келтіре орындау жүрегі қазақ деп соғатын адамның қолынан келеді"," Нағыз елім деген арда азамат",- деп жазды олар.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер