"Қазақтыққа шөліркеп жүреміз" - Моңғолиядағы қазақтардың "Алаш" атты кеші елдің ет жүрегін елжіретті

2358
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың атажұрты, ежелден ата-мекен саналған Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы қазақтардың "Алаш" ұйымы өздерінің бес жылдық мерекелік кешін өткізді. Кешті әлеуметтік медиадан тамашалаған Қазақ елінің азаматтары көзіне жас алып, қазақтың ұясын бұзбай, кезіндегі атажұртта отырған ағайында дұғай-дұғай сәлем жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Моңғолиядағы қазақтардың басын біріктірген берекелі "Алаш" ұйымы тағы бір белесті еңсерді. Қауымдастықтың бес жылдығына орай сазды да сыршы кеш өтіп, жастар ақыл аламанында бақ сынады. Интеллеутуалды сайыстар ұйымдастырылды. Әнші-күйшілер өз өнерін ортаға салып, қазақтың әндерін әуелетті. Бейнебайланыс арқылы құндылығы мол кешті тамашалаған Қазақ елінің азаматтары айрықша тебіреніп, барша бауырларына, туған-туыстарына тілестестік білдірді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер