Астанадағы көшеге Бейбарыс cұлтанның аты берілді

2879
Adyrna.kz Telegram

24 ақпанда Астанада Бейбарыс сұлтан атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма бастамасымен ұйымдастырылған салтанатты іс-шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орайластырылды. Асхат Оралов ашылу салтанатына қатысты.

«Бұл күнге біз өте мұқият дайындалдық. Оның маңыздылығын ескере отырып, мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның астанасында көрнекті қолбасшының есімін мәңгілікке қалдыру туралы шешім қабылдады», - деді министр.

Жан-жақты талдаудан кейін таңдау Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге түсті. Бұл ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше.

«Осындай ауқымды іс-шаралармен біз Бейбарыс сұлтанның мерейтойын атап өтіп қана қоймай, біздің де, бүкіл түркі тарихы үшін де маңызды тұлғаға құрмет көрсетеміз. Оның тағылымды істерімен жас ұрпақты таныстырамыз. Бейбарыс сұлтан есімін халық жадында мәңгі сақтаймыз», - деп атап өтті Асхат Оралов.

Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған акциялар мұнымен бітпейді. Биыл Мәдениет және спорт министрлігі атаулы күнге орай бірқатар іс-шараларды жоспарлап отыр. Олар бүкіл елімізде және одан тыс жерлерде өтеді.

Пікірлер