Алматыда жаппай төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды

3436
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/a6d30c5d-c8a2-4b9b-8849-e7b35cd42519.jpeg
Алматы қаласы Бостандық ауданында жастар арасында төбелес болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Жаппай төбелес ақпанның 23 күні сағат 23:00 шамасында басталған.
«Дабылға бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы ден қойып, нәтижесінде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін деген 11 адам ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қақтығыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр»,—деді басқарма.
Комментарии