Шекарадан өтпек болған 6 тәжікстандық ұсталды

2238
Adyrna.kz Telegram

ҚР ҰҚК Шекара қызметі жалған құжатпен Қазақстан шекарасын басып өтпек болған Тәжікстанның 6 азаматы ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2023 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды.

Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттары анықталды.  Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде»,—деді басқарма.

Пікірлер