Тәжікстанда 7,3 балдық жер сілкінісі болды

4440
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстанда Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданымен шекаралас аумақта, Қытайдың солтүстік-батысында  7,3 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы

Қытай сейсмология орталығының хабарлауынша, жерасты дүмпуі сағат 08:37-де (Астана уақытымен 06:37-де) болған. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған, ал оның эпицентрі Қытаймен шекарадан шамамен 82 шақырым жерде орналасқан.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы қаласында да 2-3 баллдық жер сілкінісі сезілген. Сондай-ақ Өзбекстан астанасы Ташкентте магнитудасы 3-4 баллдық жер сілкінісі болғаны белгілі болды.

Тұрғындар арасында зардап шеккендер мен құлаған ғимараттар жайлы ақпарат әзірге келіп түспеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер