"Қаза тапқандар бар". Түркия мен Сирияда тағы жер сілкінді

3602
Adyrna.kz Telegram
Сирия мен Түркия шекарасында тағы жойқын жер сілкінді. Зілзаладан зардап шеккен Хатай аймағында күші 6,4 баллға жеткен жанама жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
"Son dakika" агенттігінің көрсетуінше,  Хатайдағы 6,4 балдық жойқын жер сілкінісі шатырда орналасқан қауіпсіздік камерасына жазылып қалған. Сол сәттерде айдындағы су толқып, тегенедегі су сыртқа лақылдап төгіледі.
Зілзаланың салдарынан Хатай қаласында 3 адам қаза тауып, 213 адам жарақат алды. Жер сілкінісінің дүбірі бірқатар аймақтарға жетіп, көптеген көптеген провинцияларда, сонымен бірге Сирия мен Ливан өлкесінде қатты сезілді.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдіктен толқыған.
6 ақпанда Түркияда тоғыз сағаттық интервалмен Сирияның солтүстік-шығыс бөлігіне әсер еткен 7,7 және 7,6 баллдық екі жер асты дүмпулері болды. 19 ақпанда кешке жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны Түркияның өзінде 41 мыңнан асты.
"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер