Байден жоспардан тыс сапармен Киевке барды

2652
Adyrna.kz Telegram
Фото: Reuters
Фото: Reuters

АҚШ президенті Джо Байден жоспардан тыс сапармен Киевке барды. Бұл туралы украиналық УНИАН агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Желіде Ақ үй басшысының Киевтегі Михайловская алаңында Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге түсірілген кадрлары пайда болды.

Айта кетейік, бұл Байденнің 24 ақпанда қақтығыс басталғаннан кейінгі Киевке бірінші сапары.

Америка президенті Киевке 20-22 ақпанда Польшаға сапары аясында барған. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирбидің мәлімдеуінше, Байден Польшаға сапары барысында ресейліктер мен президент Владимир Путинге жеке үндеу жолдамақ.

Пікірлер