АҚШ Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион доллар бөледі

1874
Adyrna.kz Telegram

Америка билігі Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек көрсету үшін қосымша 100 миллион доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресми сапармен Түркияға барып, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен аудандарды өз көзімен көрді. Нәтижесінде ол бұрын бөлінген қаражат көлемін ұлғайтуға уәде берді. Сонымен қатар санкцияларға қарамастан Сирияға да қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

"Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Сирияға қатысты қандай да бір санкциялар болса да, бұл гуманитарлық көмек көрсетуге әсер етпейді",- деді Энтони Блинкен.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ бұған дейін Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 85 миллион доллар бөлген болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер