Қазақстандық жас теннисші Пәкістанда өткен турнирде чемпион атанды

4826
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық жас теннисші Таира Әбділдаева Пәкістанда жасөспірімдер арасында ITF J30 турнирінде чемпион атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Т.Әбділдаева жұптық сында ресейлік Влада Гурлеевамен бірге финалда тағы бір қазақстандық Анастасия Ким – қытайлық Си Джиншуді 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Таира – Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жаста.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев Монтеррей (Мексика) челленджер жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады. Ол америкалық Эван Кингтен басым түсті – 7:5, 6:3. Енді іріктеу сайыстарының финалында италиялық Стефано Наполитаноны жеңсе, негізгі додаға жолдама алады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер