Сәрсен Құранбек ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

2523
Adyrna.kz Telegram

Сәрсен Құранбек ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сәрсен Абайұлы Құранбек Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды",- делінген ресми хабарламада. 

Сарсен Құранбек 1976 жылы Жетісу облысында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2002-2004 жылдары – «№15 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» МКҚК директоры.

2004-2007 жылдары – «№ 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК директоры.

2007-2009 жылдары – «Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бастығының орынбасары.

2009-2010 жылдары – «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары.

2010-2011 жылдары – «Қысқы Азия ойындары мен Олимпиада алауының эстафетасы жөніндегі қалалық дирекциясы» МКК директорының орынбасары.

2012-2014 жылдары – «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры.2014 жылы «ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» ММ төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2014-2018 жылдары – «ҚР Qazaq kuresi Федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы.

2018-2022 жылдары – «Қазақстан шөген федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы.

2022 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанында ЗТБ бас директоры қызметін атқарды.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Серік Маратұлы Жарасбаев берілген өтінішке сәйкес қызметінен босатылды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер