Нидерланд билігі 10-ға жуық ресейлік дипломатты елден шығаратынын мәлімдеді

2353
Adyrna.kz Telegram

Нидерланд билігі 10-ға жуық ресейлік дипломатты елден шығаратынын мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Ресей қайта-қайта өзінің барлау қызметкерлерін Нидерландыда жасырын түрде дипломат етіп орналастыруға тырысуда. Оған қоса Ресей Нидерланд дипломаттарына Санкт-Петербургтегі Бас консулдық пен Мәскеудегі елшілік қызметкерлеріне виза беруден бас тартып отыр. Бұл қабылданбайды. Сондықтан Нидерланд үкіметі Гаагадағы Ресей елшілігінде Мәскеудегі Нидерланд елшілігінен артық дипломат болуы мүмкін емес деп шешті. Осылайша, бірқатар ресейлік дипломаттар Нидерланд елінен кетуге мәжбүр болады", - делінген ресми хабарламада.

Нидерланд сыртқы істер министрі Вопке Хукстраның айтуынша, ресейлік дипломаттар екі апта ішінде елден кетуі керек. Амстердамда Ресейдің сауда кеңсесі жабылады. Сондай-ақ 20 ақпаннан бастап Нидерланд елінің Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы жабылады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер