Журналист Михаил Козачков үйқамаққа ауыстырылды

1940
Adyrna.kz Telegram

Михаил Козачков мырзақамаққа ауыстырылды. Бұл туралы журналист Вадим Борейко өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Әлгінде ғана құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетовамен сөйлестім. Ол журналист Михаил Козачковтың СИ-18 тергеу изоляторынан мырзақамаққа алынғанын хабарлады", — деп жазды Борейко.

Еске салайық, былтыр 18 желтоқсанда Михаил Козачковты Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында ұстаған еді.

Кейін журналист Президентке істі тергеуді бақылауға алуды сұрады. 30 қаңтардағы сот шешімі бойынша Козачковты қамауға алу мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер