"Жұмыс жоқ" - Мойынқұмда жұмыссыз қалған тұрғындар туған жерін тастап, жаппай көшіп жатыр

4333
Adyrna.kz Telegram

Соңғы жылдарда ұлттық құндылықтардың алты бесігіне айналған ауыл-аймақтар жұпыны, көнтері тірліктен тозып барады. Мәселен, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданнан кейінгі 10 жылда 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Тұрғындардың туған жерін тастап, үдере көшуіне басты себеп - жұмыссыздық, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мойынқұм ауданы Жамбыл облысының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазір мұндағы халық саны 28 мың адамнан сәл асады.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, Кейінгі жылдары аудандағы 24 елді мекеннің барлығында тұрғын азайған. Мысалы, Мирный ауылында қазір 675 адам тұрады, кейінгі 3 жылда шағын ғана ауылдан 120 адам көшіп кеткен. Көп үй бос тұр. Өйткені иелері сата алмағандықтан тастап кеткен.
Бұған қатысты аудан әкімшілігінің өкілдері пікір білдірді:
"Кейінгі 11 жылда халық саны азайған. Жалпы азаюы аудандағы соңғы жылдағы Мирный, Ақсүйек елдімекендеріндегі "Шығыс кент", "Батыс кент" өндіру басқармаларының, уран шығаратын ірі кәсіпорындардың жабылуы әсер еткен", - деді Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов.
Тұрғындардың мұндай қадамға баруы - еркінен тыс. Олар ауылда тұрақты жұмыс таба алмай, нәпақа табу жолында қалаға қоныс аударып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер