Қоғам қайраткері әрі кәсіпкер Арман Шораев «Тіл туралы» заңға өзгеріс енгізуді талап етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады»деген мәтінді алып тастауды сұраймын. Қазақ елі аумағында тек қазақ тілі мемлекеттік және ресми тіл болуы тиіс деп санаймын»,—деді ол.Сондай-ақ белсенді басқа азаматтарды да акцияға қосылуға және қолдауға шақырды.