Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді

2135
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жөнелтілді. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі — 55 тонна. Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті»,—делінген хабарламада.

Пікірлер