“Не деген символизм?!”: Бүгін Зеленский Тоқаевқа алғысын, ал Лавров Тасмағамбетовке сенімін білдірді

4097
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Украинаның президенті Зеленский Қазақстан президенті Тоқаевқа Алғыс айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зеленский Тоқаевқа Қазақстанның Украинаға көрсетіп жатқан гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.

“Мен Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық платформалардағы ынтымақтастықты талқыладық. Мен Украинаға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс айттым”,- деп жазды Зеленский.

Ал дәл сол уақытта РФ Сыртқы Істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО және Одақ мемлекеттерінің атқарушы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Оның ішінде Иманғали Тасмағамбетов те бар.

Ресей тарапы Тасмағамбетовты ОДКБ басшысы ретінде толық қолдау білдіруге дайын екендерін айтты.

Бұл жөнінде Facebook белсенділері де үндемей қалмады.

“Кешегі Лукаштың қоқан-лоққысы біздің елде кері реакция бергенін енді түсініп, майпаздап, тігісін жатқызуға кірісті ме?

Бір күнде,  бір уақытта Зеленскийдің президентке Алғысы мен Лавровтың Тасмағамбетовке қолдау білдіруі не деген сәйкестік? Не деген символизм?”,- деп жазды белсенді Оңғар Қабден.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер